Freedom Inside '26

Әскери қызметші Қорғаныс министрлігін сотта жеңіп шықты

Әскери қызметші Қорғаныс министрлігін сотта жеңіп шықты
Фото: zhaikpress.kz

Әскери қызметші қызметтік баспанаға қатысты дауда Қорғаныс министрлігін сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2009 жылы әскери қызметшіге төрт адамнан тұратын отбасымен бірге тұру үшін қызметтік пәтер берілген. 2025 жылы ол тұрғын үйді жалдау шартын ұзартуға өтініш білдірген. Алайда Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің қызының меншігінде пәтер бар екенін алға тартып, өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.

Сот барысында талапкердің кәмелетке толған балалары бөлек тұрып, дербес шаруашылық жүргізетіні анықталды. Сондай-ақ сот кәмелетке толған әрі ата-анасынан бөлек тұратын отбасы мүшесінің жеке баспанасының болуы қызметтік тұрғын үйді жалдау шартын ұзартудан бас тартуға негіз бола алмайтынын атап өтті.

Сот шешімінде министрліктің істің барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық зерттемегені көрсетілген.

Нәтижесінде сот талап арызды қанағаттандырып, Қорғаныс министрлігіне әскери қызметшінің өтінішін қайта қарауды міндеттеді.