Әскердегі тәтіпті патриоттық іс-шаралар арқылы күшейтуге болады

Жарбол Кентұлы 24 қыр. 2024 12:17 2141

Бүгінде әскерилер арасында патриоттық сезімді арттырудың маңызы зор. Өйткені, Қарулы Күштер арасында патриоттық сезімді арттыру – мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқаратынын ешқашан жадымыздан шығармаған жөн. Баяғыда мектеп бітірген бозбалалар екі жыл әскерде болып, сымдай тартылып келуші еді.

Қазір көптеген ата-ана баласын әскерге жібермеудің амалын қарастырады. Оның өзіндің себебі де жоқ емес. Ата-аналар әскердегі әлемжетіктен қорқады. Сол себепті баласын әскерге жібергісі келемейді. Бірақ әрбір ер азамат үшін Отан алдындағы жауапкершілікті қалыптастыруда әскери өмірдің алатын орыны ерекше. Оны әскерден басқа еш жер бере алмайды.

Ел ішінде әскердің тартымдылығын арттыру үшін патриоттық тәрбиелік мәні зор бағдарламаларыды көбейту керек. Бүгінде әскер қатыраны шақырылған жастардың бәрі Отан алдындағы борышын ел ішіндегі әскери бөлімшелерде өтейді.

Сондықтан сарбаздардың патриоттық сезімін күшейтетін бағдарламаларды дайындауда ісіне олардың ата-аналарын да тартудың маңзы зор. Кез келген ата-ананы осы іске араласуға ұсыныс айтса, тартынбай қатысатыны анық.

Осындай бағдарламалардың көмегімен сарбаздар үшін арнайы патриоттық тәрбие сабақтары ұйымдастырсақ, әскердегі тәртіп жақсара түсетіні сөзсіз. Осылайша әскердегі жайсыз жайттарды патриоттық сезімді күшейтіп, жоюға болады.

Әрбір сарбаздың санасына қасындағы қарулас досы ел қорғауда қасынан табылатын серігі екенін сіңіретін болсақ, олар бір-біріне оспадарлықпен қол көтеріп, қателікке бармасы анық.

Сонымен қатар мұндай партиоттық мәні зор тәрбіи сабақтарында Қазақстан тарихы, ұлттық батырлар, Тәуелсіздік жолындағы күрес, Ата заң және мемлекеттік рәміздер туралы кеңінен мәлімет берген жөн. Бұл – бағыттағы тағылымды әңгімелер жауынгерлік рухты көтеретіні сөзсіз.

Сонымен қатар әскердегі сарбаздарымыздың мәденитті ұлтжанды болуы үшін әскери бөлімшелерде театрландырылған қойылымдар, деректі фильмдер, әдеби кештер және Отан қорғаушылардың өмірі мен ерліктерін насихаттайтын көрмелер үздіксіз өткізуде артықтық етпес еді.

Қазіргі таңда еліміздің барлық облысында театрлар жұмыс істейді. Осы театрлардың жазда еліміздің түкпір-түкпіріндегі әскери бөлімшелерді аралап, гостролдік сапарларға шығуы керек. Қазір әрбір театрдың репертурында халықтың отаншылыдық сезімін арттыратын бірнеше қойылымдары бар. Соларды сарбаздардың назарына ұсынатын болсақ, әскердегі жастарымыздың таным деңгейі кеңейе түсетіні анық.

Әскерде театр қойылымдарын тамашалаған талай ауыл баласы кейін театрдың тұрақты көрерменіне айналатыны сөзсіз. Сондықтан еліміздегі театрлар өздерінің мәнді де, мағыналы қойылымдарымен әскерде жүрген сарбаздардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыруға өз үлестерін қосуы керек деп есептейміз.   


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар