Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде әскери қызметшіге қатысты заңсыз әрекеттер бейнеленген видеороликтің таралуына мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желіде әскерде сарбаздарға қол жұмсалған сәт түсірілген видео тарады.
«Аталған бейнематериал – «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген.
БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», - делінген хабарламада.