«Асыл арна» жабылып, «Тәлім ТВ» эфирге шығады

Dalanews 07 қар. 2020 08:11 1392

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Халық арна» телеарнасының жобасына қатысты кеңінен түсінік берілді. Журналистермен жүздесуге ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров, «Asyl arna» телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабек және «Халық арна» телеарнасының бас директоры Нұржан Дарқұлов қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жүздесуде «Asyl arna» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков дініи бағытта хабар тартып келген «Asyl arna» діни бағыттағы контенттерін «Халық арнаға» беретінін айтты. Өз кезегінде Мұхамеджан Тазабек 10 жылдық жұмыс кезінде көптеген жұмыстар атқарылып, жүздеген мың көрермендер легі қалыптасқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, М.Тазабеков алдаға 2021 жылдан бастап «Тәлім ТВ» деген жаңа телеарнаның тұсауын кесетінін жұртшылыққа жеткізді.

– «Тәлім ТВ» телеарнасы әлеуметтік рөлдік модельдерді ұсынатын мотивациялық консервативті алаңға айналады деген ойдамын. Телеарна саласында 10 жылдық тәжірибеммен қажет болған жағдайда «Халық арна» телеарнасы үшін де бөлісуге дайынмын, – деп білікті маман ойын ортаға салды.


Мұхаммеджан Тазабектің «Asyl arna» телеарнасының жабылуының бір себебі діни-рухани ағартушылық бағыттағы контенттерді ҚМДБ толықтай өздері айналысқаны дұрыс деп санайды. Еліміздегі мұсылман қауымының талабы болып отырғандығын да атап өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар