Әсет Матаев қамауға алынбайтын болды

Dalanews 28 қаң. 2026 07:12

КазТАГ басшысы Әсет Матаев үйқамаққа алынбайтын болды. Оған қатысты қолхат бойынша ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы күшінде қалатын болды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұған дейін Матаевтың адвокаты Елена Жигаленок KazTAG агенттігінің бас директорына қатысты үйқамаққа алу мүмкіндігі туралы мәселе соттың қарауына шығарылатынын хабарлаған.

Алайда Алматы қаласының тергеу соты бұл өтінішті қарап, қанағаттандырудан бас тартты. Осылайша, елден шықпау туралы қолданыстағы бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды.

Ал қылмыстық іс аясында бас редактор Әмір Хасенов үйқамақта отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove