Өз кезегінде зиялы қауым қарттардан гөрі жастардың тәртібіне назар аударып, тығылып той жасау әдетінен тыйылу, халықтан отандастарымыздың амандығын сақтауға бір адамдай жұмылып, ат салысуға шақырды.
– Бұрын-соңды болмаған мынадай нәубет кезінде бірігейік, бірлесіп жұмыс істейік, бір-бірімізді тыңдайық. Жоғарыдан беріліп жатқан міндеттемелерді орындайық. Қарт буанның тәртібіне сенемін. Мынау жастардың тәртібіне көңіл аударып отырмын. Жиын, той жасауды доғару керек. Мемлекетімізді байлығы – халық. Әрқайсымыз бір-бірімізге адал болайық, бір-бірімізге қорғаныш болайық, бір-бірімізді сақтайық, – деп КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов халықты сақ болуға шықырды.
Қазір Алматыда «Бетпердені ұмытпа, өміріңді сақтап қал» деген ұранмен бетперде тағу маңыздылығын насихаттау акциясы жалғасуда. Бүгінге дейін халық көп жиналатын орындарда және көше бойында 36 265 ақпараттық тақтайшалар ілінген.
Лед-экрандарда да Ковид-19-дан сақтану шаралары туралы бейнероликтер көрсетіліп жатыр. Игі шараның басты мақсаты – қаладағы эпид-ахуалды тұрақтандыру.