Freedom Inside '26

Арыстағы жағаұстатар оқиға: полиция мән-жайды айтты

Арыстағы жағаұстатар оқиға: полиция мән-жайды айтты
t.me/kozachkow

Түркістан облысында үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша Арыс қаласында JAC маркалы көліктің жүргізушісі мас күйінде бірнеше адамды қағып, қашып кеткен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу шыққан. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

"Оқиға орнында үш адам, оның ішінде екі кәмелетке толмаған жасөспірім қайтыс болды. Зардап шеккен 2 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға көмек көрсетілді. Қазір жедел тергеу тобы мән-жайды жан-жақты, толық анықтауға бағытталған барлық іс-шараны жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.