Арнайы операция: Жамбыл облысында жасырын қарасора алқабы әшкере болды

Арнайы операция: Жамбыл облысында жасырын қарасора алқабы әшкере болды
ІІМ

Жамбыл облысында ірі қарасора алқабы жойылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өңірде автономды электр қуатымен жабдықталған және суару жүйесімен қамтылған үнді қарасорасы өсірілгені анықталған. Жасырын алқапты анықтау үшін әуе барлауы қолданылған.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары көмегімен және жедел қызметкерлердің үйлесімді іс-қимылы нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталған. Ол - бұрын бірнеше рет сотты болған Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны. Күдікті құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өңдеп, басқа өңірлерге апарып, көтерме бағамен сатуды көздеген.

"Тінту барысында жалпы салмағы 438 келі болатын, биіктігі екі метрден асатын 50 түп қарасора, қаптама материалдар және арнайы агротехникалық жабдықтар тәркіленді. Жедел қызметкерлер назарына оқ-дәрілері бар, сериялық нөмірі өшірілген Макаров тапаншасы ілікті. Сондай-ақ, 12 калибрлі Байкал мылтығы, оған арналған оқ-дәрілер және есірткі тасымалдауға пайдаланылған жол талғамайтын көлік тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.