Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян мен ұлы ұсталды

Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян мен ұлы ұсталды
ашық дереккөз

Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян мен оның ұлы құқық қорғау органдарының жүргізген тергеу шаралары аясында ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Арменияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті 25 тамыз күні елдің екінші президенті Роберт Кочарянға және оның отбасы мүшелеріне тиесілі ондаған мекенжайда тінту және өзге де тергеу әрекеттері жүргізілгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, тергеу аясында құқық қорғау органдары Роберт Кочарянның ұлдары Левон мен Седрак Кочаряндардың пәтерлеріне де кірген.

Әзірге тінтулердің нақты қандай іс бойынша жүргізіліп жатқаны және Кочарян мен оның ұлына қандай айып тағылғаны ресми түрде жарияланған жоқ.

Роберт Кочарян Арменияны 1998-2008 жылдары басқарған. Ол елдің саяси өміріндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі саналады. Соңғы жылдары бұрынғы президентке қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалып, олардың бірқатары қоғамда қызу талқыланған болатын.

Құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тергеу жалғасып жатыр.