Арыста қарттарға құрмет көрсетілді

Жарбол Кентұлы 30 қыр. 2024 05:30 1090

Арыс қалалық мәдениет үйінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік шара өтті. Шараға қалалық Ардагерлер кеңесі мүшелері мен әр салада еңбек еткен ардагерлері арнайы шақырылып, ерекше құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыс қаласы әкімі Гүлжан Құрманбекова ардақты ардагерлерді айтулы күнмен құттықтап, жалпықалалық мәдени шараларға белсенді қатысып, саламатты өмір салтын ұстанған және қаламыздың дамуына зор үлес қосқан ата-әжелерді медальмен және Алғыс хатпен марапаттады.

Шаһар басшысы құттықтау сөзінде ардагерлердің ел мен жердің дамуына қосқан үлесі орасан екенін атап өтіп, олардың даналығы мен өмірлік тәжірибесі келешек ұрпаққа үлгі екенін айтты.

Шарада Мәдениет үйінің өнерпаздары ардагерлердің құрметіне ән мен биден, сахналық қойылымдардан тұратын әсерлі концерттік бағдарлама дайындап, мерекені шынайы қуанышқа бөледі. Шара барысында ардагерлер өздерінің естеліктерімен бөлісіп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар 300-ге жуық ардагерге мерекелік сыйлықтар табысталып, олардың өмірлік еңбектері мен қоғамдағы орны тағы бір мәрте құрметтелді.

Мерекелік шара ардагерлерге деген құрмет пен ізеттіліктің айқын көрінісі болып, ерекше көңіл күймен аяқталды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар