Арыс қаласында балалар лагерінде концерт өтті

Dalanews 16 мау. 2017 10:16 193

Оқу жылы аяқталды. Жазғы демалыста оқушылардың уақыттарын босқа өткізбеу мақсатында қаламыздағы «Абай» атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатының жанынан жазғы демалыс лагері ашылған болатын. Аталған лагерде 4 топтан құралған 125 бала жазғы демалыстарын тиімді пайдалануда.


Мектеп жанындағы лагерлердің негізгі мақсаты – кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, денсаулығын нығайту, сауықтыру, олардың бойында салауатты өмір сүруге ынтасын қалыптастыру.

Салтанатты шара жасөспірімдердің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласып, бүлдіршіндер шат-шадыман көңіл-күйге бөленді.
Шараға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық қолдаулар көрсетті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x