Әрбір адам ертеңіне алаңдар,
Дей алмаймын таусылмайтын шамам бар.
Жек көрсең де, кектенсең де себепсіз
Мен сендерді түсінемін АДАМДАР.
Жүрегіме сыймай қалған жамандар,
Өзінікін дұрыс қой деп бағамдар.
Бауырыңа баспасаң да бағалап,
Мен сендерге ренжімеймін АДАМДАР.
Таптатпауға тырысумен табанға АР,
Бейнетпенен ғұмыр кешкен адалдар.
Илеп, илеп итке тастай салсаң да,
Мен сендерді жақсы көрем АДАМДАР.