Ақтөбедегі мектеп бухгалтері қазынадан 400 миллион теңге ұрлап, құмар ойынға тігіп жіберген

Азамат Қойшығара 06 ақп. 2024 12:08 2836

Ақтөбедегі No55 мектептің бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол бюджет қаржысын жымқыруды 2015 жылдан өткен жылға дейін жалғастырған, жалпы шығын 413 миллион теңгені құрайды. Ұрлық жасауда директордың электрондық цифрлық қолтаңбасы қолданылған. Нәтижесінде қылмыс ашылып, бухгалтер сот залынан бір-ақ шықты.

Сот барысында бұл істің жай-жапсары белгілі болды. Сотталушы мемлекет ақшасын ұрлау арқылы мүлде байымаған, игілігіне жаратпаған, тек букмекерлік кеңселерде бәс тігіп отырған, ақыры барынан айырылып тынады.

"Ал сотта белгілі болғандай, ол ұзақ жылдар бойы құмар ойынға тәуелділіктен зардап шегеді. Экс-есепші мектепке жұмысқа қабылданбай тұрып-ақ бәс тігумен айналысқан, соның салдарынан анасы миллион теңгеден астам несие алып берген", - дейді заңгер.

Сотталушының адвокаты істі болған азаматтың Антикормен бірлесе жұмыс істегенін ескеру қажет екенін алға тартты. Осының арқасында басқа тұлғаларға қатысты құқық бұзушылықтар анықталған.

Сот талқылауларында адвокат айыпталушының құмар ойындарға тәуелді екеніне тоқталып, дәл осы психиатриялық дертке шалдыққанын айтты.

Ал бухгалтердің өзі ұрлық бойынша кінәсін мойындады, бірақ тағылған айыпты алаяқтық санатына ауыстыруды сұрады. Айыпталушының әйелі - бастауыш сынып мұғалімі, ал әкесі жеке жүргізуші болып күн көреді. Айыпталушының ісі әлі аяқталған жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар