16 жасар жасөспірім Белқопа ауылы маңындағы ірі апаттан аман қалған. Осы аптада Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы науқастың комадан шығып, есін жиғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Науқас Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлмінде ауыр жағдайда жатыр. Ол ерте кезеңдегі реабилитациядан өтуде. Дәрігерлер оң динамика барын атап өтті, алайда жасөспірімге алған жарақаттарының ауырлығына байланысты ұзақ уақыт бойы қалпына келу қажет болатынын айтты.
Белқопа ауылы маңындағы жол-көлік апаты 23 қазан күні болды. Жолаушыларды тасымалдайтын микроавтобус жүк көлігімен соқтығысқан. 12 адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті. Тағы екі адам ауруханадан шығарылды.
