Ақтөбеде уақытша өткелді су шайып кетті

Кәмшат Тілеухан 15 нау. 2025 14:52 125

Ақтөбе облысы Ойыл ауылындағы уақытша өткелді су шайды. Таңертеңнен бастап өткелмен жүруге тыйым салынған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ашық дереккөздерге мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылғы су тасқыны кезінде аудан орталығын Ақтөбемен байланыстыратын көпір қираған. Оның орнына жаңа көпір салынып жатқандықтан, тұрғындар әзірше понтонды пайдаланып жүрген. Алайда оның өзі 14 наурызда су астында қалып кеткен. Бұл маңға 15 наурыздан бастап полиция қызметкерлері кезекшілікке қойылды.

Әзірге, өзеннің арғы бетіне тек жаяу өтуге болады. Аудан әкімдігінің мәліметінше, бір тәулік ішінде өткел арқылы автомобиль қозғалысын қалпына келтіру жоспарланып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар