Ақтөбеде оқушыны ұрламақ болған әйел ұсталды

Сағыныш Сардарова 28 сәу. 2026 17:06

Ақтөбеде 7 жастағы оқушыны алдап, ұрламақ болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz Caspian News-ке сілтеп.

Оқиға күндіз қаланың Есет батыр шағынауданында болған. Басылым мәліметінше, көпқабатты үйдің ауласында ойнап жүрген жеткіншекті белгісіз әйел "сақина беремін" деп алдап, соңынан қалмаған.

"Күдіктінің әрекеті сол маңдағы дүкендердің бірінің бейнекамерасына жазылып қалған. Бейнежазбада әйелдің баланы ертіп бара жатқаны, кейін қыз оңтайлы сәтті пайдаланып қашқаны анық көрінеді", - деп жазылған мәліметте.

Сол сәтте қыздың анасы жақын маңдағы дүкенде болған. Анасының айтуынша, қорыққан қызы жүгіріп келіп, болған жағдайды айтып берген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove