Ақтөбеде бұрын таныс болған әйелді интим сипаттағы видеоларды жариялаймын деп қорқытқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, қала тұрғыны құқық қорғау органдарына жүгініп, бұрын араласқан ер адам оның келісімінсіз түсірілген жеке сипаттағы видеоларды таратамын деп қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп жүргенін айтқан.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, қолға түсті. Ол көршілес облыстың 38 жастағы тұрғыны болып шықты.
Бұл дерек бойынша жеке өмірге қол сұғу белгілерімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің осыған ұқсас өзге де жайттарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.