Ақтөбе облысында “Қазхром” кәсіпорнында тағы да жұмысшы қаза болды

Қаракөз Амантай 11 қар. 2024 15:47 1546

Ақтөбе облысында “Қазхром” ТҰК” АҚ Дон тау-кен байыту комбинаты филиалында оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“4 қарашада Дон тау-кен байыту комбинаты (“Қазхром” ТҰК”ьАҚ филиалы) монтаждау жұмыстарын орындау кезінде мердігер ұйымның қызметкері биіктен құлады. Компания зардап шеккен адамға кәсіби медициналық көмек көрсетуге барынша күш салды. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн бойы күрескен, бірақ өкінішке қарай оны құтқару мүмкін болмады”, – делінген кәсіпорынның хабарламасында.

Оқиға туралы тиісті органдарға хабарланды, тергеу жүргізілуде.

Еске салайық, Қарағандыдағы "Абай" шахтасынан жүзден аса жұмысшы шұғыл эвакуацияланғанын хабарлаған едік. 

7 қараша күні сағат 20:29-да Кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына шахтада электр қуатының тоқтағаны туралы ақпарат түскен болатын. 

Оқиғаның себебі - "Қарағанды" ЖШС-ның №9 трансформаторлық станциясындағы электр ақауы болған. Сол сәтте кешкі ауысымда жұмыс істеген 155 адам шұғыл түрде жер бетіне шығарылды.

Qarmet АҚ қазіргі уақытта электр қуатының қалпына келтірілгенін және шахтаны қызметкерлердің қауіпсіз түрде жұмысқа оралуына дайындап жатқанын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар