Ақтөбе облысында пышақ жарақатынан жасөспірім көз жұмды

Сағыныш Сардарова 20 нау. 2026 12:32

Ақтөбе облысында пышақ жарақатынан жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шалқар қаласында 20 наурызға қараған түні болған топтық төбелес салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тапты.

Туыстарының айтуынша, ол пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған. Марқұм жуырда мектеп бітіріп, жұмыс істеп жүрген, алдағы уақытта әскерге барып, кейін жоғары оқу орнына түсуді жоспарлаған.

Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысқан барлық адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Күдіктілер де кәмелетке толмаған. Тергеу ісі полиция басшылығының бақылауында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove