Ақтөбе мешітінде қызға тиіскен ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 30 шіл. 2025 11:11

Ақтөбе мешітінде қызға тиіскен ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

23 жастағы Эммануэлла Наурызбаеваның айтуынша, "Нұр-Ғасыр" мешітінде болған оқиға бойынша сот отырысы 29 шілдеде өткен. Нәтижесінде айыпталушы 5 тәулікке қамауға алынған. Қыздың айтуынша, тергеу барысында бұл адам бұрын да тәртіп бұзғаны анықталған, ол бұзақылық жасағаны үшін сотты болған, оған қоса 2025 жылы қаңтарда тағы бір адамға мешітте тиісіп, жауапкершілікке тартылған.

"Сот шешімімен психиатриялық сараптама тағайындалды. Егер оның психикалық дерті расталса, мәжбүрлі емдеуге жіберіледі. Ал егер диагноз жалған болып шықса, медициналық құжаттарды қолдан жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", – деді Эммануэлла.

Ол сондай-ақ өзін көпшіліктің алдында қорлаған, видеоға түсіріп, жалған ақпарат таратқан және жала жапқан адамдарды сотқа беретінін ескертті.

"Бұл жайт туралы ашық айтып отырмын, өйткені әйелдер мен балаларды осындай жағдайлардан қорғағым келеді. (...) Интернет бәрін есте сақтайды. Жауап беретін боласыздар. Жақында сотта жолығамыз", – деді Эммануэлла Наурызбаева.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар