Ақтөбе футбол клубының былығы әшкереленді

Сағыныш Сардарова 30 сәу. 2025 12:08 236

Ақтөбе футбол клубының былығы әшкереленді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыс прокуратурасы Ақтөбе футбол клубын тексерген. 250 млн теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталған.

"Соның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасалған. Сондай-ақ, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражатты клуб қызметкерлері жеке қажеттіліктеріне жұмсаған", - деп жазылған хабарламада.

Тексеріс қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы мына баптармен соталды тергеуді бастады:

  • Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру);
  • 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану);
  • 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 соталды тергеп-тексеру басталды.

"Қылмыстық істер тергеп-тексеру үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды. Бұл істердің тергелу барысы облыс прокуратурасының бақылауында", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар