"Сені зорлаймын!” Ақтауда теңіз жағалауында қызға күш көрсеткен ер адам 30 тәулікке қамалды

"Сені зорлаймын!” Ақтауда теңіз жағалауында қызға күш көрсеткен ер адам 30 тәулікке қамалды
Ашық дереккөз

Ақтауда теңіз жағалауында қызға күш көрсеткен ер адам 30 тәулікке қамалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақтау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін М.-ға қатысты іс қаралған.

М. Самал-2 шағынауданындағы Каспий теңізі жағалауында, яғни қоғамдық орында айналасындағыларға құрметпен қарамай, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, қасақана ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында ол кінәсін мойындаған. Оның кінәсі полиция қызметкерінің баянатымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, №9649 санды медициналық куәландыру қортындысымен және оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен М. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.