Freedom Inside '26

Ақтауда жасөспірім суға батып кете жаздады

Ақтауда жасөспірім суға батып кете жаздады
ІІМ кадры

Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін сағат 11:09 шамасында Ақтауда теңіз жағалауында полиция қызметкерлеріне теңіз ортасына қарай бет алған жасөспірім туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері - полиция аға лейтенанты Абдурахим Сәтешов және полиция кіші лейтенанты Азамат Қарабалаев жағдайдың аса қауіпті екенін бағалап, бір сәт те кідірместен теңізге секіріп, баланы жағаға алып шықты", - деді ІІМ өкілі.

Қазір жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.