“Ақша бермегені үшін ұрып-соққан”. Алматы облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза тапты

Қаракөз Амантай 14 қаң. 2026 09:38

Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында оқушы қаза тапты. Қайғылы оқиға үш күн бұрын болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, екі оқушы бір баланы соққыға жыққан, салдарынан жасөспірім көз жұмған. Оқиғаның ақшалай келіспеушілік салдарынан туындауы мүмкін екені айтылады.

Тараған ақпаратқа сүйенсек, жанжалдан кейін күдіктілер баланы көлікке отырғызып, біраз уақыт алып жүрген. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Оқиға орнында марқұмның ағасы да болғаны туралы ақпарат тарады.

Қазіргі таңда аталған дерекке байланысты құзырлы органдар тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove