АҚШ-та Дональд Трамп бейнеленген алтын монета шығарылады

Ақтоты Жапатова 21 нау. 2026 11:30

АҚШ өнер істері жөніндегі федералдық комиссиясы 24 каратты алтыннан жасалған Трамп бейнелі естелік монетаның шығарылуын мақұлдады. Монета 2026 жылы елдің 250 жылдығына арналған коллекциялық серияға кіреді және айналымға шықпайды, деп хабарлайды Dalanews.kz "Reuters"-ке сілтеме жасап.

Монета дизайны Вашингтондағы Ұлттық портрет галереясындағы Трамптың ресми фотосуретіне негізделген: президент үстелге сүйеніп, алға қарай тұрған күйде бейнеленген. Монета аверсінде "Liberty" және 1776–2026 жылдары, ұлттық девиз "In God We Trust" жазулары, реверсте – АҚШ символы – ақбасты қыран бейнеленеді.

АҚШ Қазынашылық министрі Брэндон Бич монетаның демократия мен ел рухын бейнелейтінін атап өтті. Дегенмен сынаған демократтар да болды: сенатор Джефф Меркли оны «монархтар мен диктаторларға тән қадам» деп бағалап, 250 жылдық мерейтой мәнін бұрмалау әрекеті деп атады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove