Астана – Петропавл жолындағы өрттен аман қалған азамат жансақтау бөлімінде жатыр

Астана – Петропавл жолындағы өрттен аман қалған азамат жансақтау бөлімінде жатыр
видеодан скриншот

Астана – Петропавл тасжолында өртенген көліктен аман қалған ер адамның жағдайы өте ауыр. Қазіргі уақытта ол Ақкөл аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың денесінің көп бөлігін күйік шалған. Осыған байланысты оны басқа медициналық мекемеге тасымалдау әзірге мүмкін емес.

"Пациент жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр. Денесінің зақымдану аумағы үлкен болғандықтан, оны тасымалдауға келмейді. Қазіргі уақытта науқаста күйік шогы байқалады", – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Дәрігерлер зардап шеккен азаматтың жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.