ЕО-да Ресейге қарсы жаңа санкциялар бойынша келіспеушіліктер туындады

ЕО-да Ресейге қарсы жаңа санкциялар бойынша келіспеушіліктер туындады
Фото: ЖИ

Еуропалық одаққа мүше елдер Ресейге қарсы енгізілетін 21-санкциялар пакеті бойынша ортақ келісімге келе алмады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Негізгі келіспеушіліктер Ресейдің сұйытылған табиғи газын тасымалдауға қойылатын шектеулерге, Raiffeisen Bank International банкіне қатысты шараларға және Ресей мұнайына енгізілетін өзгермелі баға шегін белгілеу тетігіне байланысты туындаған.
 

Сарапшылардың айтуынша, егер алдағы уақытта шешім қабылданбаса, Ресей мұнайына қатысты қолданыстағы санкциялардың тиімділігі айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

Соған қарамастан, ЕО елдерінің министрлері қолданыстағы санкциялық тізімді кеңейтуді мақұлдады. Жаңартылған тізімге санкцияларды айналып өтуге көмектесті деп есептелетін шамамен 250 компания, банк құрылымы, криптовалюта операторлары мен мұнай танкерлері енгізілді.

21-санкциялар пакеті бойынша талқылау сәрсенбі күні ЕО-ға мүше елдердің елшілері қатысатын кездесуде жалғасады.