АҚШ соты Қытайдан Сovid-19 таралуына байланысты 24 миллиард доллар талап етті

Ақтоты Жапатова 08 нау. 2025 16:15 1157

Миссуридің федералды соты Қытай үкіметін SARS-CoV-2 коронавирусы туралы деректерді жасырғаны үшін кінәлі деп тауып, биліктен 24 млрд доллар өтемақы өндіруге шешім шығарды. Бұл туралы The New York Times жазды,деп хабарлайды Dalanews.kz

АҚШ өтемақының қайтарымы ретінде Қытай активтерін тәркілемек.

Қытайдың коммунистік партиясына қарсы талап-арызды 2020 жылы Миссуридің бұрынғы бас прокуроры Эрик Шмитт берген. Құжатта Covid-19 пандемиясының алғашқы айларында Пекин вирустың болуы мен таралуы туралы деректерді жасырып, басқа елдерде маңызды медициналық жабдықтарды, соның ішінде жеке қорғаныс құралдарын өндіруге, сондай-ақ оларды сатып алуға және экспорттауға кедергі келтіргені айтылған.

Сот шешімінде Қытай әлемді пандемияның қаупі мен ауқымына қатысты ақпаратпен адастырды және жеке қорғаныш құралдары өндірісіндегі монополияға әкелетін әрекетпен айналысты делінген. Сол себепті АҚШ вирустың таралуына дер кезінде тосқауыл қоя алмағаны және жеткілікті деңгейде жабдықтарды сатып ала алмай қалғаны жайлы жазылған. Covid-19 Миссуридегі 2020 және 2021 жылдардағы өлімнің үшінші себебі болды.

Вашингтондағы Қытай елшілігінің өкілі Лю Пэнъюй ел сот шешімін мойындамайтынын атап өтті. Сондай- ақ ол егер Қытайдың мүдделері зардап шегетін болса, жауап қайтаруға уәде берді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
Pitbull (әңгіме)
07 нау. 2025 23:01