Freedom Inside '26

Президент Қарағанды облысында 4 жасар баланың әкесі жазған хат туралы айтты

Президент Қарағанды облысында 4 жасар баланың әкесі жазған хат туралы айтты
Ақорда

Мемлекет басшысы бала өмірін сақтап қалған дәрігерлердің қажырлы еңбегін үлгі етті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

"Еліміз сапалы әрі қарқынды түрде өсіп-өркендеуі үшін азаматтарымыздың тәні де, жаны да сау болуға тиіс. Бұл – баршаға белгілі ақиқат. Сіздер осы ізгі мақсат жолында аянбай қызмет етіп жүрсіздер. Қазақта "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" деген сөз бар. Менің атыма күніне жүздеген хат келіп түседі. Азаматтарымыз өздерінің арыз-шағымын, ұсыныс-тілегін, сондай-ақ, жылы лебізін білдіріп жатады. Бүгін Қарағанды облысының тұрғыны жуырда ғана жолдаған бір хатқа тоқталып өткім келеді. Онда оқыс жағдайға тап болған төрт жасар баланы облыстық аурухана дәрігерлерінің аман алып қалғаны жөнінде жазылған. Бүлдіршіннің жақын туыстары медицина мамандарының өз ісіне адалдығын ерекше атап өткен. Аурухана қызметкерлеріне, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының басшыларына ризашылығын білдірген. Кішкентай баланың өмірін сақтап қалған білікті маман қазір ортамызда отыр. Кәсіби шеберліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген адамдардың қажырлы еңбегі лайықты бағалануға тиіс. Мемлекет осындай отаншыл, адал азаматтарға әрдайым қолдау көрсетеді", - деді Президент.