АҚШ санкциясы қазақстандық кәсіпкерлердің Ресейдегі жобасына әсер етті

Сағыныш Сардарова 03 мам. 2024 16:17 1775

АҚШ санкциясы қазақстандық кәсіпкерлердің Ресейдегі жобасына әсер етті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресейдің Чукот автономиялы округінде орналасқан алтын-мыс кен орны - Баим жобасы KAZMinerals акционерлері Владимир Ким мен Олег Новачукке тиесілі. Nege.Aqsha мәліметінше, АҚШ санкциялар тізіміне енгізілгеннен кейін бұл кен орнына қауіп төнді. Ал бұл дегеніміз АҚШ-тағы шоттар бұғатталатынын және америкалық резиденттермен ынтымақтастыққа тыйым салынатынын білдіреді.

"KAZMinerals Баим кен орнын Роман Абрамовичтен 5 жыл бұрын 900 миллион долларға сатып алды және жобаны дамытуға 8 миллиард доллар көлемінде қаражат салу жоспарланған еді. Алайда компания осы банкке салынған санкцияларға байланысты VTB банкінен алынған 3,6 миллиард долларлық несиені өтей алмады, кейін жағдай өзгерді. Былтыр Ким мен Новачук KAZMinerals-ты жобадан шығаруға мәжбүр болды, оны жаңадан тіркелген Trianon Limited компаниясына ауыстырды", - деп жазылған арна мәліметінде.

Айта кетейік, Баим – ашық типтегі игерілмеген ірі мыс алаңдарының бірі. Кен қоры 9,5 миллион тонна мыс деп бағаланған. Кендегі мыстың үлесі 0,43 пайыз болса, әр тоннасынан 0,23 грамм алтын алынады деген болжам бар. Яғни, 9,5 миллион тонна кеннен 16,5 миллион унция алтын игеріледі деген сөз.

Алғашқы 10 жылда Баим баурайынан 250 мың тонна мыс, 400 мың унция алтын алу жоспарланған еді. Қалған кенді 15 жылдың ішінде игеру көзделген болатын. Осылайша Чукот өңірінде KAZ Minerals тобы кемінде 25 жыл жұмыс істейтін жоспар болған еді. 

"Баим жобасын сатып алу - KAZ Minerals-тың транформациясындағы маңызды қадам. Ресейдегі бұл жаңа жобаны игеру бізге саладағы көшбасшылық өсімді жалғастыруымызға жағдай жасайды. Біз Баим кенішін игеріп бастаған тұста мыс тапшылығы пайда болады деген болжам бар" – деген болатын KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук бірнеше жыл бұрын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар