АҚШ қазақстандықтарға қарағанда өзбекстандықтар мен қырғызстандықтарға Green Card-ты жиірек береді

Көркем Алдабергенова 13 мам. 2025 17:03 280

Кентуккидегі Консулдық орталық АҚШ-тың Иммиграция және азаматтық туралы заңы аясында өткізілетін DV-2025 визалық лотереясының жеңімпаздарын жариялады. Бұл лотерея жеңімпаздарға Green Card (тұрақты тұруға рұқсат) алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жеңімпаздар тізімін Өзбекстан бастап тұр – 5 564 өзбекстандық Green Card ұтып алған. Қырғызстаннан 3 095 адам жеңімпаз атанса, Қазақстаннан бар болғаны 2 004 азаматқа ғана квота берілген.

Бағдарлама жыл сайын АҚШ-қа көші-қон деңгейі төмен елдердің азаматтарына 55 мыңға дейін тұрақты тұру визасын ұсынады. Биыл шамамен 131 мың үміткер таңдалып, енді олар иммиграциялық визаға өтініш бере алады.

Бұл бағдарлама АҚШ-тағы көші-қон ағынын әртараптандыруға бағытталған. Жеңімпаздар 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін әңгімелесуден өтіп, қажетті құжаттарын рәсімдеуі тиіс.

2025 жылғы лотереядан соңғы бес жылда АҚШ-қа 50 мыңнан астам азаматы қоныс аударған елдердің тұрғындары автоматты түрде алынып тасталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар