АҚШ КҚК мен Теңізшевройлды Ресей санкциялары аясында салынған тыйымнан босатты

Кәмшат Тілеухан 16 мам. 2025 09:44 291

АҚШ Каспий құбыр консорциумы мен Теңізшевройлға Ресейге қарсы санкциялар аясында мұнай қызметтерін пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Ресеймен байланысты №124-ші - "Каспий құбыр консорциумы мен "Теңізшевройл-мен» байланысты мұнай қызметтерін авторитизациялау " туралы Бас лицензиясын берді.

Бұл құжат КҚК және ТШО жобаларына байланысты мұнай қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Осылайша 2025 жылы 10 қаңтарда ("мұнай қызметтеріне тыйым салу") жарияланған қаулымен тыйым салынған осы екі компаниямен байланысты барлық операцияларға рұқсат етілді. Уақытша берілген бұл құжаттың мерзімі маусым аяғында аяқталуы тиіс болған, енді ол ұзақ мерзімге ұзартылып отыр.

Атап айтқанда, бұл құжаттың басты ерекшелігі - бас лицензияның b тармағы. Бұл тармаққа сәйкес, мынандай артықшылық қарастырылады: Ресейдің зиянды шетелдік қызметке салынған санкциялар туралы ережелері бойынша тыйым салынған кез-келген операцияларды жүргізуге рұқсат бермейді, 31 CFR, 587-бөлім (RuHSR), оның ішінде RuHSR-ге сәйкес бұғатталған кез-келген адамның қатысуымен болатын операциялар, егер (!) жеке-дара рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда.

Айта кетсек, бұл лицензия америкалық компаниялардың Ресей территориясында мұнай өндіру немесе тасымалмен айналысуына рұқсат береді.

"Теңізшевройл" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында ТШО 9,37 млн тонна мұнай (74,5 млн баррель) өндірген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%–ға артық (7,5 млн тонна) көлем.

Сондай-ақ сұйытылған газ өткізу көлемі 7%-ға қысқарып, 309 мың тоннаны құрады, ал күкірт жеткізілімі 27%-ға қысқарып, 547 мың тоннаға дейін төмендеді.

Құрғақ газды жеткізу көлемі едәуір ұлғайды: 2025 жылдың I-тоқсанында ТШО Қазақстанның газ құбыры желісіне 1,5 млрд текше метрден астам көгілдір отынды айдады, бұл - өткен жылдың көрсеткішінен 4,5 есе артық көлем.

ТШО-ның Қазақстан бюджетіне тікелей төлемдері есептілік кезеңінде 1,7 млрд доллардан асты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар