АҚШ-тың Мичиган штатында өткен аралық сайлауда демократ Абдул әл-Сайед жеңіске жетіп, ел тарихында алғаш рет Сенатқа мұсылман өкілі сайланды. Ол республикашыл Майк Роджерсті басып озды. Абдул әл-Сайед 2027 жылғы 3 қаңтарда ант беріп, Конгрестегі қызметіне кіріседі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Абдул әл-Сайед жеңісіне қатысты пікірін X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Ол Мичиган штатының атынан АҚШ Сенатында өкілдік ету үлкен құрмет әрі мәртебе екенін атап өтті.
«Мичиган, біз мүмкін емес деген нәрсені жүзеге асырдық. Біз жеңіске жеттік. Бірге! Енді нағыз жұмыс басталады», – деп жазды ол.
АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижесінде Мысырда дүниеге келген мұсылман Абдул әл-Сайед республикашыл Майк Роджерсті жеңіп, Сенатқа сайланды. Осылайша, ол АҚШ тарихында жоғарғы заң шығарушы органның осы палатасына сайланған алғашқы мұсылман атанды.
Associated Press агенттігінің алдын ала мәліметінше, Майк Роджерс 46 пайыз дауыс жинаса, Абдул әл-Сайедті сайлаушылардың 52 пайызы қолдаған.
Сайлау қорытындысы ресми бекітілгеннен кейін Абдул әл-Сайед 2027 жылғы 3 қаңтарда ант қабылдап, АҚШ Конгресіндегі жұмысына кіріседі.