Freedom Inside '26

АҚШ-та жоғалған қазақстандықтың қаза тапқаны ресми расталды

АҚШ-та жоғалған қазақстандықтың қаза тапқаны ресми расталды
ашық дереккөз.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та табылған мәйіттің бұрын хабар-ошарсыз кеткен Қазақстан азаматы Асет Құралбайға тиесілі екенін ресми түрде растады, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзыретті органдары бұрын табылған адамның жеке басын анықтағанын растайды. Ол Қазақстан азаматы Асет Құралбай болып шықты. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз», – делінген ведомство хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста.

«Туыстарына қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеу және мәйітті Қазақстанға жеткізу мәселелері бойынша қолдау берілуде», – деп хабарлады СІМ.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Кейін Чикаго қаласында жоғалған азаматқа тиесілі болуы мүмкін мәйіт табылғаны хабарланған болатын.