АҚШ-та Қазақстан азаматтарына қатысты визалық шектеу заңсыз деп танылды

АҚШ-та Қазақстан азаматтарына қатысты визалық шектеу заңсыз деп танылды
Фото: magnific.com

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы федералдық сот Қазақстан азаматтарына иммиграциялық виза беруді шектеген шешімнің күшін жойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот әкімшіліктің бұл саясатын заңсыз деп танып, мемлекеттік хатшы Марко Рубио өз өкілеттігін асыра пайдаланған деген қорытындыға келді. Осылайша, Дональд Трамп әкімшілігі енгізген шектеу жарамсыз деп танылды.

Еске салсақ, Қазақстан 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап АҚШ Мемлекеттік департаменті иммиграциялық виза беруді тоқтатқан 75 елдің қатарына енгізілген болатын. Вашингтон бұл шешімді АҚШ-қа келетін азаматтардың әлеуметтік көмек жүйесіне жүктеме түсіруі мүмкін деген уәжбен түсіндірген еді.

Шектеу тек иммиграциялық визаларға қатысты болды. Яғни АҚШ-қа тұрақты тұру мақсатында қоныс аударғысы келетін азаматтарға әсер етті. Ал туристік және іскерлік визаларды рәсімдеу тәртібі өзгеріссіз қалды.

Сот шешімі күшіне енгеннен кейін Қазақстан азаматтары үшін иммиграциялық виза алу мүмкіндігі қайта қалпына келтіріледі деп күтілуде.