Freedom Inside '26

АҚШ пен Иран соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойды

АҚШ пен Иран соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойды
vchal/Shutterstock/FOTODOM

АҚШ пен Иран соғысты тоқтату және Ормуз бұғазын қайта ашуды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы бейсенбіге қараған түні Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, құжатқа қашықтан электрон форматта қол қойылған. Осыған дейін Женевада өткізу жоспарланған ресми рәсімнің қажеті болмай қалған. Құжатқа АҚШ президенті Дональд Трамп пен Иран президенті Масуд Пезешкиан қол қойған. Келісім күшіне енді. 

Дональд Трамп та меморандумға қол қойғанын растады. Axios басылымының мәліметінше, Трамп құжатқа Франция президенті Эмманюэль Макронмен бірге өткен кездесуде қол қойған. 

Иранның Press TV телеарнасы жариялаған меморандум мәтінінде тараптар бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге міндеттелетіні көрсетілген.

"Иран мен АҚШ бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге, сондай-ақ, бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға міндеттеледі", - деп жазылған құжатта.