АҚШ Конгресіне сайлаудан кейін Илон Маск қыруар қаржысынан айырылды

АҚШ Конгресіне сайлаудан кейін Илон Маск қыруар қаржысынан айырылды
ЖИ: Dalanews.kz

Америкалық кәсіпкер Илон Маск АҚШ Конгресіне өткен аралық сайлаудың алғашқы нәтижелері жарияланғаннан кейін 60 миллиард доллардан астам қаржысынан айырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Financial Times мәліметінше, дауыс беру қорытындысы жарияланған түні кәсіпкер ең көп шығынға ұшыраған тұлғалардың бірі болуы мүмкін.

«Аралық сайлау Маскқа 60 миллиард доллардан астам шығын әкелді», – деп жазды басылым.

АҚШ Конгресіне аралық сайлау 3 қарашада өтті. Өкілдер палатасындағы 435 орынның барлығы қайта сайлауға түсті. Ал Сенаттағы 100 орынның 35-і үшін дауыс берілді.

Америкалық БАҚ-тың соңғы бағалауынша, Демократиялық партия өкілдері Конгрестің қос палатасында да басымдыққа ие болып жатыр.