Тоқаев екі заңға қол қойды

Тоқаев екі заңға қол қойды
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұдан бөлек, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.