АҚШ әскерінің Ирактан қашан шығарылатыны белгілі болды

АҚШ әскерінің Ирактан қашан шығарылатыны белгілі болды
Фото: ukr.net

АҚШ Ирактағы әскери күштерін биыл қыркүйек айының соңына дейін толық шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Associated Press мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сәрсенбі күні Ирак премьер-министрі Әли әл-Заиди АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы, адмирал Брэд Купермен кездесті. Тараптар АҚШ бастаған халықаралық коалиция әскерінің Ирактан шығарылуын талқылады.

Кездесуден кейін Ирак премьер-министрі шетелдік әскери күштерді елден шығару 30 қыркүйекке дейін толық аяқталатынын мәлімдеді. Осы күннен бастап ИГИЛ-ге қарсы құрылған халықаралық коалицияның Ирактағы әскери миссиясы да ресми түрде тоқтайды.