Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тапқан 22 жастағы Ақнәр Хамиттің өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша тергеу қайта басталады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Sputnik.kz-ке мәлімдеді.
Оның айтуынша, іс материалдары қайтадан министрлік қарауына беріліп, жаңа тергеу тобы жасақталған. Енді аталған іс бойынша қосымша тергеу амалдары жүргізілмек.
Еске салайық, Алматыда 2024 жылы 20 шілдеде Ақнәр Гүлстан көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, қайтыс болған. Тергеу бұл оқиғаны "өзін-өзі өлтіру" бабымен тіркеген. Алайда жақындары Ақнәрдің жетінші қабаттан құлап кеткеніне сенбейді. Олардың сөзінше, марқұм қаза тапқанға дейін денесінде азаптау белгілері болған.
Кейінірек марқұмның анасы Гүлстан Қамит Алматы қалалық тергеу органдары мен прокуратурасы бұл істі жеңіл баппен өзіне өзі қол жұмсауға итермелеу деп бағалап, шынайы тергеу жүргізбей отырғанын мәлімдеді.
Ал Алматы қалалық ПД мәліметінше, тергеу басқармасы былтыр шілдеде Алматы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған.
