Ақмола облысындағы кәсіпорындардың бірінен келілеп жарылғыш заттар ұрланған - ҰҚК

Кәмшат Тілеухан 06 там. 2025 11:09

Өткен айда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция қызметкерлері Ақмола облысындағы кәсіпорындардың бірінде өнеркәсіптік жарылғыш заттарды ұрлау арнасының көзін жойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Арнайы операция барысында 20 келі жарылғыш зат тәркіленді.

"Сондай-ақ арнайы шара барысында әр өңірден 45 атыс қаруы, оның ішінде 6 Калашников автоматтары, түрлі модификациядағы 18 тапанша, 14 аңшылық мылтық, 7 шолақ мылтық, сондай-ақ 6 граната, 2 тротил шашкасы және 400-ден астам оқ-дәрі тәркіленді", делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, 2025 жылдың шілде айында прокуратураның үйлестіруімен, ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп, Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында бірқатар жедел іс-шаралар өткізілді.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің ұсталғанын растағанын жазғанбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар