Бишімбаев ісіндегі прокурор Айжан Аймағанова депутаттыққа ұсынылды

Бишімбаев ісіндегі прокурор Айжан Аймағанова депутаттыққа ұсынылды
ашық дереккөзден

10 шілдеде өткен "Әділет" партиясының кезекті III съезінде Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттардың тізімі таныстырылды. Олардың қатарында қоғамға экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы ретінде танылған прокурор Айжан Аймағанова да бар, деп хабарлайды dalanews.kz.

Партия жариялаған мәліметке сәйкес, кандидаттар тізіміне жалпы саны 186 адам енгізілген.

Тізімде сондай-ақ Ерлан Қарин, Жұлдыз Сүлейменова, Әділ Балтабаев, Марат Қожаев, Айдос Сарым, Жанарбек Әшімжан, Ерлан Саиров, Асхат Аймағамбетов және өзге де белгілі тұлғалар бар.

Осылайша Айжан Аймағанова "Әділет" партиясы атынан Құрылтай сайлауына депутаттыққа ұсынылған кандидаттардың қатарына енді.