Астана мен Алматыда ҚАЗТЕСТ емтиханына өтінім қабылдау басталды

Астана мен Алматыда ҚАЗТЕСТ емтиханына өтінім қабылдау басталды
Фото: aikyn.kz

Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын KAZTEST сертификаттау тестілеуіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тестілеу 14 шілдеде Астана мен Алматы қалаларында электронды форматта өтеді. Емтихан барысында қатысушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейі төрт бағыт бойынша бағаланады: тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым.

Тестілеуге тіркелу 10–13 шілде аралығында app.testcenter.kz платформасы арқылы жүргізіледі. Қатысу құны – 7 121 теңге.

Сертификат алу үшін үміткерлер емтиханның әр бөлімі бойынша белгіленген өту балын жинауы қажет.