13 шілдеде Қазақстанда білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталады., деп хабарлайды dalanews.kz.
Талапкерлер мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу үшін құжаттарын 20 шілде сағат 18:00-ге дейін eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн тапсыра алады.
Өтініш беру үшін пайдаланушылар жүйеге кіріп, авторизациядан өткеннен кейін «Азаматтарға» – «Білім» – «Жоғары білім» бөліміндегі «Білім беру гранттарын тағайындау» қызметін таңдауы қажет. Одан кейін қажетті ақпаратты толтырып, өтінішке электронды түрде қол қойып, оның қаралуын күтеді.
Егер талапкерге конкурсқа қатыспай-ақ мемлекеттік білім гранты тағайындалған болса, бұл туралы ақпарат жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Мұндай жағдайда қайтадан өтініш берудің қажеті жоқ.