Ақмола облысында бюджет қаржысын жымқырған мәдениет үйінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ақмола облысының прокуратурасы Астрахан аудандық мәдениет үйінде жүргізілген тексеріс барысында заңсыз еңбекақы төлеу деректерін әшкереледі.
2022–2024 жылдары мекеме басшысы орындалмаған жұмыстар үшін үшінші тұлғаларға негізсіз жалақы есептеп, 2,6 млн теңге бюджет қаржысын талан-таражға салған.
Сот үкімімен аудандық мәдениет үйінің бұрынғы басшысы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап еткені үшін кінәлі деп танылды.
Мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Мемлекеттік айыптаушы сотта кінәні толық дәлелдеді.
