Freedom Inside '26

Ақмола облысында бұрынғы мұғалім “синтетикалық” есірткі тасымалдады деген күдікке ілікті

Ақмола облысында бұрынғы мұғалім “синтетикалық” есірткі тасымалдады деген күдікке ілікті
Фото: ҚР ІІМ ресми сайты

Қостанай – Семей бағыты бойынша синтетикалық есірткі тасымалдады деген күдікпен бұрынғы математика пәні мұғалімі ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Ұсталған азаматтың Қостанайдан Семейге дейінгі бағытта есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды. Курьердің кім екені расталды – ол бұрын математика пәнінен сабақ берген мұғалім болып шықты”, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуаныш Әлжанов.

Күдікті Талапкер ауылы маңындағы тас жолда қызметтік иттің көмегімен ұсталған. Автокөліктің артқы орындығында тұрған сөмкеден салмағы 1 келі мефедрон есірткісі салынған пакет табылған.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.