Freedom Inside '26

Ақмола облысы Ивановка ауылындағы үйлердің құрылысын уақытылы аяқтау үшін барлық күшті жұмылдыруда

Ақмола облысы Ивановка ауылындағы үйлердің құрылысын уақытылы аяқтау үшін барлық күшті жұмылдыруда
Dalanews.kz

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі жұмыс сапарымен Ақмола облысы Ивановка ауылына барып, су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан үйлер құрылысының барысын тексерді.

Жалпы облыстың 4 ауданында су тасқынынан зардап шеккен 331 тұрғынға тұрғын үй салу жоспарланған.

Иванковка ауылында 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, олардың 20-сы екі пәтерлі және 1 үй - бір пәтерлі. Құрылыс жүргізіп отырған мердігер - «Saianur vip service» ЖШС.

Бүгінгі күні 8 үйдің қабырғасын қалау жұмыстары аяқталды, 22 үйдің қабырғасын қалау жұмыстары жалғасуда, 10 үйдің іргетасы құйылды, 1 үйдің іргетасын құюға дайындалды. Учаскеде 8 арнайы техника және 87 жұмысшы (оның ішінде қосымша 30 адам) жұмыс істейді.

Облыс қажетті қарқын алуы керек. Мақсат – сапалы, қауіпсіз және жайлы баспанамен қамтамасыз ету. Барлық құрылыс нысандарында бақылауды күшейту. Өңірде баспана кезегінде тұрып, уақытша жерлерде тұрып жатқан отбасылар саны көп, - деді Қанат Шарлапаев.