Freedom Inside '26

Ақылы бөлімде оқып жүрген Шерхан Қалмұрзаға грант берілді

Ақылы бөлімде оқып жүрген Шерхан Қалмұрзаға грант берілді
gov.kz

Жас спортшы Шерхан Қалмұрзаға ректорлық білім беру гранты берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Шерхан Қалмұрзамен жүздескен.

"Жас қақпашының көрсеткен тарихи нәтижесі – бүкіл қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі. Оны осы жетістігімен құттықтаймын және алдағы ойындарда сәттілік тілеймін!" – деді Саясат Нұрбек.

Министрлік мәліметінше, ақылы бөлімде білім алып жүрген Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты табысталған.