Ақ түтек боранда тракторшыны құтқарған ауыл әкімі марапатталды

Нұрлан Жұмахан 22 ақп. 2024 18:42 4982

Батыс Қазақстан облысына қарасты Сырым ауданы Жосалы ауылдық округі әкімі Батырғали Иманқұлов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбайдың алғыс хатымен марапатталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Агенттік төрағасы табиғат сынақтары тұсында қиындыққа тап болған қоғам мүшелеріне мемлекеттік қызметші ретінде қолдау көрсетіп, азаматтық ұстаным және батыл іс-қимыл танытқаны үшін алғыс білдірді.

Батырғали Иманқұлов 6 ақпаннан 7 ақпанға қараған түні ақ түтек боранда трактормен қар құрсауына қалып, ауылға қарай жаяу шығып бағытынан жаңылысып қалған азаматқа дереу көмекке барып, ауылға аман-есен жеткізген.

Мемлекеттік қызметшінің ерлігінің арқасында азаматқа уақытылы көмек көрсетілді.

Агенттік Төрағасының арнайы жолдаған алғыс хатын Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов табыстады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар