“Аптап ыстық күшейеді”. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

“Аптап ыстық күшейеді”. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Рixabay

“Қазгидромет” РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, оңтүстік пен шығыста аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. 15-16 шілде күндері кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ желдің күшеюі мен дауылды құбылыстар болжанып отыр.

Синоптиктердің айтуынша, циклонның ықпалымен елдің солтүстік бөлігінде ауа температурасы төмендеп, күндіз +25…+30°C шамасында болады.

Ал Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне Өзбекстан аумағынан құрғақ әрі ыстық ауа массалары келуін жалғастырады. Соның салдарынан бұл аймақтарда жауын-шашынсыз, аптап ыстық ауа райы сақталады. Күндізгі температура оңтүстікте +40…+45°C-қа, ал шығыста +33…+38°C-қа дейін көтеріледі.